20.11.2018, 14:57
Қараулар: 33
Қоғамдық кеңесте қаралды

Қоғамдық кеңесте қаралды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде аудандық қоғамдық кенестің отырыс оздырылып, оған кеңес мүшелері қатысты. Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. «Жәнібек ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-аналар төлемақысы мөлшерін бекіту туралы» аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан Нұралиев баяндады. «Жәнібек ауданы әкімінің 2015 жылғы 28 наурыздағы «Жәнібек ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №23 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері Назар Шарипов мәлімдеді. «Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» және «Жәнібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хаирлиев баян етті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша отырысқа қатысушылар өзара пікір алмасып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Жарқын Ахметкереев