21.11.2018, 12:36
Қараулар: 28
Бұқаралық спортты дамыту сөз болды

Бұқаралық спортты дамыту сөз болды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың қатысуымен жастарды  спортқа баулу, қатыстыру мақсатында жиын өтті.

Жиынға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және сорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі және ауылдық округ әкімдіктерінің жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушылары қатысты.

-Елбасымыз биылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Жастарды спортқа баулу, тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту — жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды деді, — Біржан Нұрланұлы.  Сондай-ақ ол ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушылардың жеткілікті дәрежеде жұмыс жасай алмай отырғандығын да тілге тиек етті.

Бұдан кейін еркін пікір алмасу түрінде өткен жиында Бекежан Шарафутдинов, Орынбасар Ғилымов, Нұрболат Садырбаев және Сағынбек Стамов жастармен жұмысты жақсарту бағытындағы өз ойларымен бөлісті.

Л.Халина