21.11.2018, 14:39
Қараулар: 165
Мал басының саны артуда

Мал басының саны артуда

Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетіліп жатырған қолдаудың нәтижесінде ірі қара малының тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығынан ауыл шаруашылығы құрылымдарына  қарай шоғырлануы байқалып, мал басының саны артуда. Аудан бойынша 347 шаруа қожалығы болса, биыл оған тағы алты ШҚ жаңадан тіркеліпті. Ауданымыздағы 170 шаруа қожалығы мен 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жалпы сомасы 324 млн 424,6 мың теңге болатын демеуқаржыны игеруде.

Жыл басынан 113 шаруа қожалығы 375 бас асыл тұқымды бұқа, 3 ШҚ 100 бас асыл тұқымды еділбай қойын және 39 бас асыл тұқымды қошқар сатып алған.

Тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша шаруа қожалықтарындағы 14191 бас ірі қараның аналығына 506 бас асыл тұқымды бұқа және қоғамдық табындағы 4548 бас ірі қараның аналығына 162 бас асыл тұқымды бұқа қосылып, барлығы 18739 бас аналық ірі қара бұқамен қамтылып, ол 97 пайызды құраған.

А.ҚОЖАҒҰЛ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар