21.11.2018, 15:36
Қараулар: 33
Отбасы – алтын діңгек

Отбасы – алтын діңгек

 

Бүгін Т.Жароков атындағы мектепте аудандық «Алтын ұя» отбасылық байқауы болып өтті. Сайыс екі жылда бір рет өтеді және оның мақсаты – Елбасы жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру, отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады.

Жиында сөз алған аудандық білім б еру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Нұралиев байқауға қатысқан отбасыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа ауылдық округтер мен ауданның мектептерінен барлығы 5 отбасы қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Нақтырақ айтқанда, «Отбасымыздың ыстық сәлемі» (таныстыру), «Дәстүрге берік отбасы» (бейнеролик), «Өнер өнеге өрісі» (өнер) және «Жаңғыру – ұлттық өнерден басталады» (қолөнер көрмесі).

Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Жұмашевтер отбасы (Ғ.Қараш атындағы мектеп) ие болды. Ал, 1, 2, 3 орындарды сәйкесінше Гайсиндер (А.Оразбаева атындағы мектеп), Камидуллиндер (Е.Ниетқалиев атындағы мектеп) және Фазыловтар (Ұзынкөл мектебі) отбасы иемденді. Ғ.Абдуллин мектебі атынан келген Бексейітовтер әулеті «Өнерлі отбасы» аталымын алды.

Айта кету керек, бас жүлдеге ие болған Жұмашевтер әулеті ағымдағы жылдың 30 қарашада Орал қаласында өтетін облыстық «Алтын ұя» байқауында аудан намысын қорғайтын болады.

Гүлзара Төреғалиева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар