21.11.2018, 18:27
Қараулар: 182
Жеті қыр – болашаққа бағыт-бағдар

Жеті қыр – болашаққа бағыт-бағдар

Елбасының бүгінгі әлеуметтік желіде жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отыр. Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйрету арқылы ата-бабаымыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі. «Ер қанаты – ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтайды. Сонымен қатар халық металл өндірудің терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады. Ал, мақаланың екінші бөлімі болашаққа бағыт-бағдар береді.

Мақаланы оқып шыққан адам көңілге қонымды екенін бірден байқайды. Мақалада сөз болғанындай, өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті.

Арман ТҮЙЕБАЕВ,

аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы