21.11.2018, 18:31
Қараулар: 77
Тұрғындар тілегін жеткізді

Тұрғындар тілегін жеткізді

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов, аудан әкімі аппаратының басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Молдағалиев және дербес бөлім басшылары Талов, Жақсыбай, Борсы ауылдық округтері мен Тегісшіл елді мекенінде «Ашық әкімдік» күнін өткізді.

Талов ауылдық округінде қабылдауға төрт тұрғын жазылған. Олар қыркүйек айына дейін су құбырында жұмыс істеп, соңғы айдың еңбекақысын ала алмай отырғандарын айтты. Жақсыбай ауылында тұратын жеке кәсіпкер Елеусін Тілебалиев жер мәселесімен келсе, Қансұлу Сейтқалиева баласына жұмыс табу жөніндегі тілегін жеткізді. Сол сияқты Тегісшіл елді мекенінің тұрғыны Махамбет Хабиевтың өзіне мектепке операторлық жұмысқа тұруға  жасаған өтініші қанағаттандырылды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Каримоллаұлы пен дербес бөлім басшылары қабылдауға жазылған тұрғындардың сұрақтарына тұшымды жауаптар қайтарды.

 

 Жарқын Ахметкереев