22.11.2018, 9:57
Қараулар: 31
Жоспар орындалуда

Жоспар орындалуда

Биыл Жәнібек ауданы бойынша 105 тонна ірі қара, 11 тонна қой етін экспортқа шығару жоспарлануда. Содан күні бүгінге 537,06 тонна ірі қара (4490 бас) көршілес Ресей Федерациясына шығарылып, жоспар 511 пайызды құрады. 62,64 тонна қой еті (3132 бас) экспортталып, бұл орайдағы жоспар 569 пайызға орындалып отыр.

Ағымдағы жылы мал бордақылау алаңдарына 3472 бас бұқашық тапсыру жоспарланса, содан 31 қазанға бордақылау алаңдарына тапсырылған 1059 бас бұқашық автоматтандыру-тіркеу жүйесіне тіркеліп, жоспар 30 пайызға орындалған.

А.БАЙБАРАҚ