22.11.2018, 16:31
Қараулар: 85
Бейбіттің биігі

Бейбіттің биігі

Ат спортын бұқара арасында кеңінен насихаттап жүрген жастардың бірі – Бейбіт Аронов. Ол таяуда Ақтөбе қаласында облыс әкімінің кубогі үшін аударыспақтан өткен республикалық ашық турнирге қатысып қайтқан болатын. Ылғи «сен тұр, мен атайын» дейтіндер жиналған байрақты бәсекеде жерлесіміз намысты қолдан берген жоқ. Алпыс келі салмақ дәрежесінде қарсыластарының біразын аттан аударып, жүлделі екінші орынға ие болды. Сөйтіп, турнирдің медалімен марапатталып, диплом және ақшалай сыйлығына ие болды.

А.ЕСІРКЕПОВ