22.11.2018, 17:58
Қараулар: 74
Берген жұмысты абыроймен атқару керек

Берген жұмысты абыроймен атқару керек

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов бастаған делегация «Ашық әкімдік» шарасын Қамысты, Тау, Жәнібек ауылдық округтерінде өткізді.

Қамысты ауылында қабылдауға келген тоғыз тұрғынның сегізі жұмыс сұрап келді. Нақтырақ айтқанда, кей тұрғынға өз уақытында жұмыс берілген. Бірақ ішімдікке әуестігінен қызметтен босатылған. Сол сияқты Әсемгүл Шатикова жұмыспен қатар балаларына киім-кешек жағынан көмек сұрады. Ал, Бақытгүл Тоқабаева жерге қатысты мәселемен келді. Таулық Самат Хамиев өзін, зайыбы мен баласын жұмысқа орналастыруды өтініш етті. Сонымен қатар жәнібектік Ғалымжан Шағыров аудандық пошта байланыс торабы жұмысының нашарлығын айтып, наразылығын білдірді. Айта кету керек, «Қазпоштаның» жұмысына тек Жәнібек емес, басқа да ауылдық округтердің шағымы жетерлік. Сондай-ақ Ержан Қонбаев өзі тұратын көшеде жолдың жоқтығын айтып, үйдің жанында орналасқан электр бағанының ескіріп, апатты жағдайда тұрғанын тілге тиек етті. Нұрболат Тажығалиев үй мәселесімен келсе, Айнұр Мұталиева жұмыс тауып беруді өтінді.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Кәримоллаұлы тұрғындарды тыңдап, өзі және дербес бөлім басшылары аталған мәселелер бойынша жұмыстанып, шешімі табылатынын айтты.

Гүлзара Төреғалиева

Түсініктеме

В связи с чем удаляете комментарии?

И что?Ходила я к акиму, прошло 2 месяца. И где же моя работа? Ничего не решили совсем! Просто сходила, просто выставили в газете для галочки! И всё! И биржа это просто другая история. Тоже большая ГАЛОЧКА!