23.11.2018, 9:24
Қараулар: 167
316 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды

316 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауға көмек көрсету, оқыту мәселелері бойынша консультациялар беру, лайықты бос жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделеді. Кешенді жоспарға сәйкес жыл соңына дейін 566 адамды тұрақты немесе уақытша жұмыспен қамту жоспарланды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 7 млн. 234 мың теңге бөлініп, 10 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 38 жұмыссыз адам жолданды.

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығы директоры Нұрлыбек Төрешовтың сөзінше, жұмыссыз жастарды жастар практикасынан өткізуге республикалық бюджеттен 12 млн. 987 мың теңге, облыстық бюджеттен 8 млн. 741 мың теңге, барлығы 21 млн. 728 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда 44 мемлекеттік мекеме, ұйым, кәсіпорындарға 72 жұмыссыз жастар (2-уі мүгедек) мамандықтары бойынша жастар тәжірибесінен өтуге жолданған. Жастар практикасын аяқтаған 8 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, 267 жұмыссызды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, аудандық бюджеттен 30 млн. теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде 316 адам (11-і мүгедек) ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданған.

Гүлзара Төреғалиева