23.11.2018, 9:35
Қараулар: 27
Субсидияға қол жеткізді

Субсидияға қол жеткізді

Мемлекеттік қолдаудың басты бір тетігі – субсидиялау болып табылады. Осы ретте Жәнібек ауданында жайылымдарды суландыру бағыты бойынша жыл басынан 52 шаруа қожалығы 208 млн 609 мың теңгеге 54 бірлік модульдік күн батареясы мен жел қалағын қондырып, оларға 158 млн 487 мың теңге субсидия төленген. Ал 47 шаруа қожалығы 128 млн 371 мың теңгеге 54 бірлік құдық соқтырып, 102 млн 577 мың теңге көлемінде демеуқаржы алған.

«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша ауданымызға 280 млн теңге несие қаражаты бөлінсе, күні бүгін 66 кәсіпкер соның 190 млн 550 мың теңгесін алып, бұл орайдағы жоспар 68 пайызға орындалып отыр.

О.ҒАЛИЕВ