26.11.2018, 18:22
Қараулар: 6
Мақтаныш сезімін қалыптастырмақ

Мақтаныш сезімін қалыптастырмақ

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту үшін тың ұсыныстар алға тартылды. Мақалада біздің дүниетанымымыздың халқымыздың өткені мен бүгіні және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты екені айтылды. Сонымен, еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мəдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, əлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар əлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқаны анық. Сондықтан да ежелгі дəуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық жəне шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жасау идеясы ұсынылып отыр. Менің ойымша, бұл жоба жүзеге асырылса еліміздің тарихын бүкіл шет мемлекеттер де танитын болады. Қай жағынан алғанда да, бұл маңызды жұмыс. Сондықтан архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет. Бұл әр оқушы мен әр қазақстандық азаматтың бойында өз тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастырмақ..

                                                                                             Асқар ЕСЕКЕЕВ,

Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының туризм бағыты бойынша әдіскері