27.11.2018, 16:09
Қараулар: 96
Облыстық «Қауіпсіз қыс» іс-шарасы

Облыстық «Қауіпсіз қыс» іс-шарасы

Аудандық төтенше жағдайлар, БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі» №20 өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен 19 қараша мен 28 желтоқсан аралығында облыс бойынша «Қауіпсіз қыс» азаматтық қорғау айлығы  атты іс-шарасы өткізіледі.

Бүгінгі өткен шара барысында төтенше жағдайлар бөлімінің автокөлігі №1 мектеп лицей, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, «Қазпошта» АҚ Жәнібек аудандық пошта байланыс торабы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, Т.Жароков мектебі, аудандық орталық ауруханасы және М.Мәметова көшесімен жүріп өтіп, аудан тұрғындарына дауыс зорайтқыш құралы арқылы аудиожазба таратып, тыңдатты. Жазбада аудан тұрғындарына адамдардың қаза болуына жол бермеу, сондай-ақ қыс мезгілі кезеңінде келеңсіз жағдайларды тұрақтандыру мақсаты мен мұздағы қауіпсіздік және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді. Сонымен қатар электр қондырғыларды, жылыту құрылғыларын, газ плиталарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қаперге ұсынды. Жылыту пештерін пайдалану кезінде барлық сақтық шараларын естен шығармай, балаларға жылыту пештерін, газ плиталарын жағуды тапсырмауды сұрады. Сол сияқты қыс мезгілі кезінде су қоймаларында қайғылы жағдайларды болдырмас үшін жұқа әрі берік қатпаған мұздың үстіне шықпау мен мұздан өтуге тыйым салынған жерлерден өтпеу және өткелден тыс жерлер арқылы автокөліктермен жүрмеуді жүктеді.

Лаура ТАНАБАЙ