28.11.2018, 12:27
Қараулар: 151
Басқаша қарауға мүмкіндік береді

Басқаша қарауға мүмкіндік береді

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлт тарихына үңілуге, сол ұлы тарих арқылы кейінгі жас ұрпақты тәрбиелеуге болатыны, жас буынның ұлы дала тарихымен мақтана алатыны орынды айтылған. Тарихымызды жаңғырту жайлы сөз болғанда, алдымен, жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындатуға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Ұлы даламыздың жеті қырын айшықтап, олардың әрқайсысына қысқаша түсінік берген Елбасы тарихи сананы жаңғырту үдерісін бірнеше жоба арқылы бастауды ұсынды. Біз осы жобалар негізінде өзінің төл тарихын білетін, оны мақтан тұтып, бағалай алатын жас ұрпақты тәрбиелеуге күш салуымыз керек. Мақалада көтерілген мәселелер өзімізге де, өткенімізге де басқаша қарауға мүмкіндік береді. Терең ой елегінен өткізіп, зерделеуді талап етеді.

                                                                                              Ләззат АБДОЛОВА,

 Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бөлімінің басшысы