30.11.2018, 10:22
Қараулар: 98
Елін танытқан – Ер

Елін танытқан – Ер

Жәнібек ауданындағы Т.Жароков атындағы ЖББОМ-да облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімі мен аталған мектеп тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты «Елін танытқан – Ер» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев мектеп оқушыларына Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызы, Елбасының Қазақстан мемлекетін құрудағы сіңірген еңбегі мен оған деген халықтың ерекше құрметі туралы кеңінен баяндап берді. Бұдан кейін оқушылар Президент туралы әндер орындап, тақпақтар айтты.

Ж Ахметкереев