4.12.2018, 17:55
Қараулар: 22
Кесенеге саяхаттады

Кесенеге саяхаттады

Қасиетті, киелі орынға саяхат жасау арқылы баба рухына тағзым етіп, оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық сезімін және танымдық қабілетін арттыру мақсатында А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің тарих пәні мұғалімі Жантөре Жанәбілұлы оқушыларды саяхатқа алып шықты. Алдымен олар Борсы ауылдық округіндегі Ғ.Қараш атындағы орта мектепте болып, ақынға арналған бұрышпен танысты және Ғұмар Қараштың өлеңдерін оқып берді. Сонымен қатар білім ұясының алдындағы ақынның кеудемүсіні жанында суретке түсті. Сонан кейін оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 киелі нысаны» тізіміне енген, өткен ғасырдың басында өзіндік ой-пікірімен дараланған көрнекті ақын, ағартушы, ойшыл Ғ.Қараштың кесенесіне саяхаттады.

А.ЕСІРКЕПОВ