5.12.2018, 10:34
Қараулар: 29
Ата-бабаларымыз өркениет бастауында тұрған

Ата-бабаларымыз өркениет бастауында тұрған

N.A.NAZARBAEV

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойымызға ерекше қуат берді. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі үйлескен шақта ұлттық құндылықтармызды сараптап, болмысымызды танып, оны жете білуге ұмтылуымыз керек. Төл тарихымызды өзіміз ғана біліп қоймай, өзге жұртқа таныстыру айқын ұстанымымыз болу қажет. Елбасы өзінің мақаласында: «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз жеткілікті»,- деп ата-бабаларымыздың адамзат баласы жасаған өркениеттің бастауында тұрғанын нұсқайды. Бұның өзі ақиқат нәрсе. Шынында да бұған қажетті деректер мен дәйектер көп. Тек соны көрер көз бен көңілі ояу жүрек, жүзеге асырар ықылас-ынта керек. Дүние жүзіндегі барлық архивтеріндегі еліміздің тарихы туралы жазылған құжаттарға із салу қажет. Бұған негіз «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы болады деп толық сеніммен айта аламыз. Сол сияқты түркі халықтарының онлайн кітапханасын ашу да халқымыз үшін жасалған маңызды қадамның негізі болмақ.

                                                                              Қуаныш Шуманов,

                                        Жәнібек ауылы