11.12.2018, 12:05
Қараулар: 131
Кандидаттармен кездесті

Кандидаттармен кездесті

Бүгін аудандық кітапханада аудандық мәслихат депутаттарының (таңдаушылардың) қатысуымен Ұзынкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында кандидаттардың сенім білдірген өкілдері олардың өмірбаянымен таныстырды. Аталған округі әкіміне кандидаттар, атап айтқанда, аудандық сәулет, қала құрылысы  және құрылыс бөлімінің бас маманы Райымбек Жұманиязов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаев және аудан орталығындағы А.Оразбаева атындағы мектептің директоры Маркс Нұфтығалиев өздерінің сайлауалды бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынды.

Таңдаушылар тарапынан кандидаттарға сұрақтар қойылып, оған тиісті жауаптар берілді.

Г.Мәди