11.12.2018, 12:34
Қараулар: 178
Кезекті сессия отырысы

Кезекті сессия отырысы

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезекті XXVI сессиясы оздырылды.

Сессия жұмысына аудан әкімі  Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аппарат басшысы, бөлім басшылары қатысты.

Сессияда 2018 жылдың 26 қазанында №4 Мектеп сайлау округі бойынша өткен аудандық мәслихат депутаттығына сайлаудың қорытындылары жөнінде хабарлама жасау үшін сөз аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық Абдоловқа сөз берілді. Мәслихат депутаты болып сайланған Қанат Нигметовты аудандық мәслихаттың депутаты болып сайлануымен құттықтап, төсбелгісін табыс етті.

Жиында бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Кадимов аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 наурыздағы №1-6 «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев Жәнібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №18-8 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама жасады.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Азамат Сафималиев келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Л.ХАЛИНА