11.12.2018, 16:14
Қараулар: 34
Колледжде 205 студент білім мен тәрбие алуда

Колледжде 205 студент білім мен тәрбие алуда

Үстіміздегі жылы М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжін 98 студент тәмамдап, дипломын алып шықты. Оның ішінде «Электр газымен дәнекерлеуші», «ЭЕМ операторы», «Бухгалтер», «Тас қалаушы», «Автомобиль жүргізушісі», «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» біліктіліктер бойынша студенттер өз мамандықтарының иесі болды.

— Биыл оқу бітірген студенттердің 52-сі тұрақты түрде жұмысқа орналасса, 3-еуі жоғары және 11-і басқа оқу орындарында оқуын жалғастыруда. Он төрті әскердегі қызметтік борышын өтеуге шақырылды. 2017 жылы бітірушілерді жұмыспен қамту көрсеткіші – 76,3 пайыз болса, биыл сол көрсеткіш – 81,6 пайыз құрап отыр. Жыл сайын түлектердің жұмыспен қамту көрсеткіші жоғарылап келеді. Соның дәлелі ретінде сұранысқа ие «ЭЕМ операторы», «Электр газымен дәнекерлеуші», «Аспаз», «Автомобиль жүргізушісі» мамандықтарын атап өтуге болады. Күні бүгінге колледжде 205 студент білім мен тәрбие алуда, — деді колледж директоры Берік Ихсанов.

Гүлзара Төреғалиева