19.12.2018, 11:57
Қараулар: 729
Күрделі жөндеуден өткізіледі

Күрделі жөндеуден өткізіледі

Бүгін Жәнібек аудандық әкімдігінде Қазталов-Жәнібек-Ресей Федерациясы 157-162 шақырымдық автомобиль жолының бөлігін күрделі жөндеу бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Жиында Алматы қаласындағы «CityRoadCentre» ЖШС-нің бас инженері Алтынбек Өскелеңов пен аталған серіктестіктің техникалық директоры Әбдіхамит Қансейітов күрделі жөндеуден өткізілетін автокөлік жолының құрылымы, бағыты, Жәнібек-Вишневка шекара өткізу пунктінің құрылым бөліктері жайында кеңінен баяндап, толық мәліметпен жан-жақты таныстырды. Жобалаушылар қоғамдық тыңдауға келген жергілікті тұрғындарға жөндеу жұмыстары кезінде айналма жолдың бағытын да түсіндірді. Жиынға қатысушылар тарапынан Жәнібек ауылының оңтүстік бағытында орналасқан бұрынғы айналма жолды құрылыс кезінде айналма жол ретінде пайдалану туралы ұсыныс айтылып, оны жобаға енгізуді сұрады. Жобалаушы мамандар өз кезегінде бүгінгі таңда жобаның түрлі құрылымдарымен келісім жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Қоғамдық тыңдауды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов қорытындылады.

                                                                                            Н.Өтей