19.12.2018, 22:35
Қараулар: 211
«Көгілдір отын» берілді

«Көгілдір отын» берілді

Бүгін Жәнібек ауданының шалғай орналасқан Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елді мекені табиғи газға қосылды. Осыған орай аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев елді мекен тұрғындарының қуаныштарына ортақтасты.

-Құрметті ауыл тұрғындары, баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Еліміздің ең шалғай ауылдарына дейін жетіп жатқан әлеуметтік саладағы жаңашылдықтар соның айқын дәлелі. Бүгін міне, сіздің ауылға да «көгілдір отын» келіп жетті. Осының бәрі Елбасы қабылдаған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Табиғи газды игіліктеріңізге пайдаланыңыздар, — деді шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Азамат Сафималиұлы. Одан кейін Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Әдемі Сүлейменова домбырамен Арнауын орындап берді. Елді мекен тұрғындары атынан сөз алған Тілепберген Перғалиев қуанышты сәтке орай Елбасы, облыс, аудан әкімдеріне зор алғысын жеткізді. Табиғи газ алауын жағу құрметіне аудан әкімі Азамат Сафималиев пен Тілепберген Темірболатұлы ие болды.

А.ОРЫНҒАЛИҰЛЫ