19.12.2018, 22:39
Қараулар: 11238
Таза ауыз су іске қосылды

Таза ауыз су іске қосылды

Сондай-ақ бүгін Талов ауылының орталығында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауыз су құбырын пайдалануға беру рәсімі оздырылды. Онда аудан әкімі Азамат Сафималиев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап сөз сөйледі. Тәуелсіздік мерекесіне орай ауылдың бір топ азаматтары мен азаматшаларын облыс әкімі атынан және өз атынан алғысхаттармен марапаттады. Салтанатты шара барысында ауыл тұрғындары атынан сөз алған аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, ауылдағы «Әжелер отауы» тобының төрайымы Мәруа Мұқатаева мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ораз Табаев Елбасыға, облыс, аудан әкімдеріне халықты таза ауыз сумен қамту мақсатында үлкен жобаны жүзеге асырғандары үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Су тетігін қосу рәсімін аудан әкімі А.Сафималиев пен О.Табаев жасады.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

 

Түсініктеме