4.02.2019, 9:46
Қараулар: 7
Екінші іріктеу күні

Екінші іріктеу күні

Жуырда  аудандық мәдениет үйінде «Жәнібек дауысы 2019» байқауының екінші іріктеу күні оздырылды. Сайыстың екінші күнінде 15 үміткер бақтарын сынап, II кезеңге 8 үміткер өтті. Жәнібек, Қамысты, Борсы, Тау ауылдарынан жиналған үміткерлер ішінен Руслан Әліпқалиевтің тобына 2 үміткер, Шынар Каюпованың тобына  3 үміткер, Райымбек Кәрімовтың тобына 3 үміткер қосылса, Нарынбек Халеловтың тобы 1 үміткермен толықты.

Байқаудың II кезеңі  ақпанның 8 күні  аудандық мәдениет үйінде өтеді.

Гүлім ҚАБДОЛОВА

Ауыл тынысы

Басқа да мақалалар