4.02.2019, 11:01
Қараулар: 33
Барлық жағдай жасалған

Барлық жағдай жасалған

Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округіндегі бір жалпы, екі бастауыш мектепте 147 бала тәлім-тәрбие алуда. Білім ұяларында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалған. Алпыс бала, соның ішінде көпбалалы отбасыларынан 20 бала ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп жанындағы интернатта 10 бала тәрбиеленуде. 2017-2018 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 83,4 пайызды құрап отыр. Екі оқушы  «Алтын белгі» иегері. ҰБТ-ға қатысқан 15 оқушының 11-і ЖОО грантына, 4-еуі арнаулы орта оқу орнының грантына түскен. Ауыл орталығындағы «Ақбота» бөбекжайында 40, Өнеге елді мекеніндегі «Салтанат» шағын орталығында 7 бүлдіршін тәрбиеленуде.

А.ҚОЖАҒҰЛ