4.02.2019, 11:41
Қараулар: 156
Мал басын асылдандыру бағытында

Мал басын асылдандыру бағытында

Жәнібек ауданының Тау ауылдық округі бойынша «Дархан» және «Дидар» шаруа қожалықтарының жетекшілері Д.Зайнуллин мен К.Неғметов ауылдық жердегі қоғамдық мал басын асылдандыру мақсатында округтің төрт бағытына шығатын жекелердің табынына 39 бас асыл тұқымды бұқа қосқан. Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша 83 бас қазақтың асыл тұқымды ақбас және 5 бас абердин ангус асыл тұқымды бұқасы тіркелген. Өткен жылы шаруа қожалықтары 1427 бас аналық малға 14 млн. 270 мың теңге демеуқаржы алған. Былтыр «Ерғазы», «Рушан» шаруа қожалықтары 10 және «Сағын» ШҚ 19 бас асыл тұқымды қошқар сатып алған.

Қ.САЙЫНОВ