4.02.2019, 12:29
Қараулар: 146
Ел чемпионатына жолдама алды

Ел чемпионатына жолдама алды

Жуырда Орал қаласында 2004 жылы туған және одан кіші жастағы жасөсіпірімдер арасында қол күресінен облыстық чемпионат оздырылды. Оған 11 команда мен 350-ден астам спортшы қатысты. Ауданнан қатысқан спортшылар бақтарын сынап, жүлделі орындардан көрінді. Нақтырақ айтсақ, қыздар арасында 2004-2007 жылы туған 40 келі салмақтағы Әсем Кенешева бірінші және Аружан Рақымғалиева екінші, ал 2001-2003 жылы дүниеге келген, 45 келі салмақта Диана Жаналиева үшінші орындардан көрінді. Ұлдар арасында 2004-2007 жылы туған 45 келі салмақта Диас Бигалиев екінші және Батырхан Абдуллиев үшінші орын алды. 2001-2003 жылы дүниеге келген, 70 келі салмақта Батыржан Оспан бірінші орынды иемденді. Айта кету керек, бірінші орыннан көрінген спортшылар Талдықорған қаласында өтетін ел  чемпионатына жолдама алды.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ