4.02.2019, 16:17
Қараулар: 149
Су тасқынының алдын алуға арналды

Су тасқынының алдын алуға арналды

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиевтың төрағалығымен көктемгі су тасқынының алдын алу туралы жиын өтті. Жиында аудан басшысы су тасқынының алдын алу бағытында жиналғандар тарапынан ұсыныс-пікірлерін ойларымен бөлісуді сұрады. Бұдан соң аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев сөз алып, ауданымызда су тасқынын болдырмау үшін қарды  тасып, сыртқа шығарып, құбырларды қардан тазартып осы бастан әзірлену керек екендігін, сондай-ақ аудан аумағының су көп жиналатын көшелерін атап, алдын ала шара қолданудың жөн екенін алға тартты.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, зейнеткер Қадер Орақаев,  аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Берік Испенбетов және тағы  басқалар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ жиынға қатысқан ауыл тұрғыны Шынболат Құбиев қардың қалыңдығынан қыстақтағы малына шөп жеткізе алмай отырғандығын айтып, көмек сұрады. Аудан әкімі оған таяу күндерде көмек көрсетілетінін жеткізді.

                                                                                                                                                        Гүлім ҚАБДОЛОВА