4.02.2019, 17:16
Қараулар: 255
Қар шығарылуда

Қар шығарылуда

Өткен жылдың желтоқсан айы мен биылғы қаңтарда өңірімізге қар қалың түсіп, жұртшылықты біраз әуре-сарсаңға салды. Жолдарды қардан тазалауда да қиындықтар туындады. Осыған орай көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Жәнібек ауданының орталығында қар шығару жұмыстары басталды. Бүгін Жәнібек ауылының орталық алаңындағы қарды тасып шығару жұмыстарына «Символ» ЖШС мен жеке кәсіпкер М.Ибраевтың екі КамАЗ автокөлігі мен бір МТЗ-1221 тракторы тартылып отыр. Сондай-ақ олар көшелердегі қарды тасымалдау жұмыстарына да атсалысатын болады.

А.ҚОЖАҒҰЛ