4.02.2019, 17:32
Қараулар: 137
Алматыдағы байқауға қатысады

Алматыдағы байқауға қатысады

Жуырда Орал қаласында  республикалық «Қазақстан таланттары» рухани-патриоттық байқау өтті. Оған облыс, аудан орталықтарынан бірнеше  оқушы әншілер қатысты. Жәнібек ауданынан саз мектебінің эстрадалық вокал сыныбының 3-ші сынып оқушысы Гүлім Биғали  аталған республикалық байқауда «Эстрада вокал» аталымы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға диплом, кубок және естелік сыйлықтарды саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев табыс етті. Ал Гүлімнің жетекшісі, эстрадалық вокал сыныбының мұғалімі Аслан Боранбаев алғысхатпен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ерсін Қанатов оқушы мен жетекшісіне аталған бөлім атынан алғысхат табыс етті.

— Байқау өз дәрежесінде өтті. Жарысқа қатысуға қол ұшын созып, көмегін көрсеткен аудандық демалыс орталығының директоры Алтай Бақтығалиевке алғысымызды білдіреміз,-дейді эстрадалық вокал сыныбының мұғалімі.

Республикалық байқауда бас жүлдені иемденген Гүлім Биғали жаз айларында  Алматы қаласында оздырылатын байқауға жолдама алды.

Лаура ХАЛИНА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар