6.02.2019, 11:25
Қараулар: 35
72 пайызды құрап отыр

72 пайызды құрап отыр

Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округі бойынша өткен жылы «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау шараларына 23 шаруа қожалығы қатынасып, барлығы 45 млн 221 мың 550 теңге көлемінде демеуқаржыға қол жеткізді. Осылайша шаруа қожалықтарының мемлекет тарапынан қолдау шараларына қатынасуы 72 пайызды құраған. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы ауылдық округтегі ірі қараның саны 4656 басты құрап, 101 пайызға жетіп отыр.

Ал ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында «Жас қанат» шаруа қожалығы бір шөп шабу, «Елдар» ШҚ бір шөп буу агрегатын сатып алған. «Шеркеш», «Ақжол» және «Азерхан» ШҚ ұңғымалау әдісімен өз қыстақтарынан үш құдық қаздырса, тоғыз ШҚ күн батареяларын орнатып, 35 млн 867 мың 278 теңге инвестициялық салымдары субсидияланған. Ағымдағы жылы тағы төрт шаруа қожалығы осындай құдық қаздыруға және күн батареясын орнатуға ниет білдіріп отырған көрінеді.

А.ҚОЖАҒҰЛ

Ауыл шаруашылығы

Басқа да мақалалар