7.02.2019, 18:37
Қараулар: 204
Партия конференциясы оздырылды

Партия конференциясы оздырылды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтіп, оған аудандық мәслихаттың хатшысы, шақырумен аудан ардагерлері, қоғамдық кеңестің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық саяси кеңесінің мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезең», «ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асырудың барысы туралы», «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау туралы» және «Облыстық партия конференциясына делегаттар сайлау туралы» мәселелер қаралып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов нақты деректер келтіре отырып баяндама жасады. Баяндама бойынша жарыссөзге қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының атқарған жұмысын оң бағалай келіп, өткен жылы бой көтерген Ғ.Қараш кесенесіне мектеп оқушыларын апару, ұлы ойшыл, ағартушыға арнап орталық ашу, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында мекемелерде ардагерлер ұйымдарын құру, аудандық мәдениет және демалыс саябағында елге танымал тұлғалардың кеудемүсіндерін орнату хақындағы ой-пікірімен бөлісті.

Екінші және үшінші мәселелер бойынша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев баяндама жасады. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды. Соңғы мәселеде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХІІІ конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.

 А.ЕСІРКЕПОВ