8.02.2019, 12:13
Қараулар: 7
Ауғанстан – жүректегі жара

Ауғанстан – жүректегі жара

Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ардагерлер үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық кітапхана және аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ауғанстан – жүректегі жара» атты кездесу кеші өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов сөз сөйлеп, жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады. Ауған соғысында қаза тапқандар мен бейбіт өмірде қайтыс болғандар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Бұдан кейін кешке қатысушы ауған соғысының ардагерлері кезегімен сөз алып, анттарына адал болып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтегендіктерін айтып, бейбіт өмір кешіп жатырған елімізге тыныштық пен халқымызға амандық тіледі. Өз кезегінде Амангелді Мырзағалиұлы «ауғандықтарға» аудандық ардагерлері кеңесі атынан алғысхаттар табыс етті. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Арман Ахонов болашақ жауынгерлерге шақырылушының тіркеу туралы куәлігін табыс етті. Кеш барысында ән шырқалып, өлең оқылып, Кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылуының 30 жылдығына байланысты ардагерлер арасында дойбы, шахмат және пневматикалық мылтық атудан өткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом, медаль және бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар