8.02.2019, 22:04
Қараулар: 328
Тарихи-өлкетану конференциясы өтті

Тарихи-өлкетану конференциясы өтті

Бүгін Жәнібек ауданының Қамысты ауылында Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниеқалиевтің туғанына 105 жыл толуына және Кеңес Одағы жауынгерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай аудандық тарихи-өлкетану конференциясы өтті. Конференцияны Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің директоры Ринат Геннадийұлы кіріспе сөбен ашты. Жиынға аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ерсін Қанатов және Ерденбектің туысқандары қатысып, батыр туралы естеліктерімен ой бөлісті. Одан кейін Ерденбек туралы әзірленген бейнебаян  жұртшылықтың назарына ұсынылды. Одан соң Сәния Жұмалиеваның орындауында, Сапар Мамбеталиевтің сөзіне және Сарқыт Садыққызының әніне жазылған «Ұрпағына ұран болған Ерденбек» әні орындалды.

Соғыс зардабын шегіп, бүгінге күнге жете алмаған мыңдаған құрбандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Кейін  Ауған соғысының ардагерлеріне, яғни Тимур Қаллемұлы, Ержан Айтуғанұлы және тәжік-ауған шекара соғысының ардагері Бақытжан Берікұлына құрмет көрсетіліп, шағын сыйлықтар ұсынылды. Конференция оқушылардың жыр шашуымен жалғасты.

Шараның бірінші бөлімінде батырлардың өшпес ерлігін насихаттау, өнегелі өмірін үлгі етуге бағытталған конференция өтсе, екінші бөлімінде аудан көлеміндегі мектептер арасында жас спортшылардың спорттық биатлон жарысы оздырылды.

Гүлім ҚАБДОЛОВА