8.02.2019, 22:13
Қараулар: 321
«Жәнібек дауысы» — екінші кезең

«Жәнібек дауысы» — екінші кезең

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Жәнібек дауысы-2019» байқауының екінші кезеңі болып өтті. Екінші кезеңде қатысушылар hip-hop, q-pop, r’n’b, pop сынды жанрларда әндер айтты. Кезең өте қиын болды деп те айтуға болады. Себебі бұл жанрларды көбіне жастар тыңдап, түсінеді. Дейтұрғанмен сайысқа қатысушылар тәлімгермен бірге дайындалған әндерін ортаға салды.

Келесі кезеңге әр топтан 3 қатысушы өту керек болатын. Бірақ Руслан Әліпқалиевтің тобындағы 1 қатысушы өз еркімен шығып қалғасын, топтың екі қатысушысы келесі кезеңге өтті. Нарынбек Халеловтың тобында 3 қатысушы болса, үшеуі де келесі кезеңге жолдама алды. Ал Шынар Каюпованың тобындағы бір қатысушыны байқау ұйымдастырушылары алып қалды. Сондай-ақ Райымбек Кәрімовтің тобында бес қатысушы болса, соның біреуін Руслан Әліпқалиев өз тобына қосып алды.

Сонымен, Руслан Әліпқалиев үш, Нарынбек Халелов үш, Шынар Каюпова төрт, Райымбек Кәрімов төрт үміткермен келесі кезеңге өтті.

Байқаудың келесі кезеңі «battle» — баттл түрінде өтеді.

Айта кету керек, тәлімгерлер мен ұйымдастырушылар қатысушыларға қатысты барлық мүмкіндіктерін пайдаланды. Баттл сайысынан соңғы кезеңге әр топтан тек қана бір үміткер жолдама алатын болады.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ