9.02.2019, 18:18
Қараулар: 196
Волейболдан аудандық лига басталды

Волейболдан аудандық лига басталды

Бүгін аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен балалар- жаспөспірімдер мектебінің ұйымдастыруымен волейболдан ерлер арасында аудандық лиганың ашылу салтанаты өтті. Оған Ұзынкөл, Ақоба, Қамысты, Күйгенкөл, Жақсыбай ауылдарының, Т.Жароков атындағы мектептің, М.Ықсанов атындағы колледждің, шекараның, жастардың, «Достар» және аудандық ішкі істер бөлімінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов жарысқа қатысушы команда ойыншыларына асқан шеберлік өнер көрсетіп, көрермендерге жақсы әсер сыйлап, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдіріп, сәттілік тіледі.

Салтанатты жиыннан кейін Қамысты мен М.Ықсанов атындағы  колледждің командалары ойынды бастап кетті.

Алдағы уақытта ойын барысын аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газеттің Facebook парақшасынан оқи аласыздар.

Л.ХАЛИНА