11.02.2019, 12:04
Қараулар: 155
«Шұғылаға» — марапат

«Шұғылаға» — марапат

Таяуда, яғни қаңтардың 8-і күні «Жайық Пресс» медиахолдингінің жанынан құрылған «Бас редакторлар клубының» Теректі ауданында екінші көшпелі мәжілісі өткен болатын. Онда аудандық газеттердің өткен жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, алда тұрған міндеттер белгіленді. Жиын соңында марапаттауларға да орын берілді. Нәтижесінде «Жайық Пресс» медиахолдингінің Бас директоры Рауан Сәбитов «Жыл қорытындысы бойынша «Үздік сараптамалық мақала – 2018» номинациясымен Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетін (Гүлзара Төреғалиеваның «Еңбек нарығы: екі қолға бір күрек табыла ма?»  атты мақаласы үшін) дипломмен марапаттады.

А.ЕСІРКЕПОВ