12.02.2019, 18:27
Қараулар: 363
Тұрғын үйлерге тексеру жүргізді

Тұрғын үйлерге тексеру жүргізді

Бүгін Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Берік Испенбетовтың  басшылығымен  өрт қауіпсіздігін болдырмау  айлығы шеңберінде  тұрғын үй секторларына тексеру жүргізді. Аудан орталығындағы Т.Әбдірахманов, А.Иманов, Х.Чурин, М.Ықсанов, Ш.Мәжитов көшелерінің бойында орналасқан жатақханаларды тексеріп, өрт қауіпсіздігінің алдын алуға байланысты ескертпе қағаз үлестірді. Сондай-ақ  тұрғындарға тасқын судың алдын алу мақсатында қар шығару керектігін де ескертті.Тексеру жұмыстарына аудандық газ шаруашылығының слесарі Ж.Мұхамбетқалиев және аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты М.Тарғынов қатысты.

Гүлім ҚАБДОЛОВА