14.02.2019, 12:31
Қараулар: 166
Такси қызметі сөз болды

Такси қызметі сөз болды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде такси қызметіне қатысты жиын өтіп, оны аудан әкімнің орынбасары Жақсылық Абдолов жүргізіп отырды. Оның айтуынша, такси қызметіне қатысты тұрғындардан шағым көп түседі екен. Соның ішінде сағатына 140-150 километр жылдамдықпен жүру, жүргізушілердің рульде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесуі, автокөлікпен лас күйінде жолға шығу және тағы басқалар. Ауданда  «Жәнібек – Орал» бағдары бойынша  жолаушылар тасымалымен ресми түрде тіркелген «Жәнібек» жеке кәсіпкерлігі (басшысы Е.Шагиров) шұғылданады. Оның қарамағында отызға жуық жүргізуші, Жәнібекте және Оралда бір-бірден механик, медициналық қызметкері бар. Жиын барысында заңды түрде тіркелмей, жолаушылар тасымалымен айналысып жүргендерге шара қолдану жөнінде де сөз болды. Бұл турасында аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы және Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жұмыстану қажеттігі айтылды.

А.ҚОЖАҒҰЛ