14.02.2019, 17:03
Қараулар: 349
Комиссияда талқыланды

Комиссияда талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысы оздырылды. Онда кәмелетке толмағандардың қатысуымен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының өткізген іс-шаралары туралы аталған орталықтың басшысы Сағынбек Стамов, аудандағы білім ордаларында оқушылардың денсаулық жағдайы жайында аудандық аурухана директорының орынбасары Айдын Ержанов хабарламалар жасады. Жиында, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің ісіне қатысты анасының ата-ана міндеттерін орындамауына байланысты мәселе қаралды. Отырысты аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Жақсылық Абдолов қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелерге орай  алда атқарылатын жұмыстар жөнінде баян етті.

         Н.Есенғали