14.02.2019, 18:15
Қараулар: 30
Бокстан жүлдемен

Бокстан жүлдемен

Жуырда Орал қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты болып өтті. Чемпионатта Жәнібек ауданынан қатысқан спортшылар жүлдемен оралды. Нақтырақ айтсақ, 36 келі салмақ дәрежесінде Балғынбек Өктешов пен 42 келі салмақта Исламбек Стамов үшінші орындарды иемденді. Жүлдегерлер диплом және медальмен марапатталды. Айта кету керек, спортшылар бокстан жарысқа аудан бойынша бірінші рет қатысып отыр. Оларды жарысқа дайындаған Қайнар Ишанғали болатын. Алғаш қадамдарың құтты болсын!

Гүлзара МӘДИ