14.02.2019, 18:22
Қараулар: 12
«Отбасылық сот» пилоттық жобасы енді

«Отбасылық сот» пилоттық жобасы енді

Бүгін  Сот жүйесінде « Отбасылық сот» пилоттық жобасы енуіне орай Жәнібек аудандық сот ғимаратында «Қазіргі сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынды жүргізген аудандық сот төрағасы Әсел Жамантаева жиналған қауымға жобаның негізгі мақсаты «Сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттары» бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру  және аталған соттарда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында істерді қарауға судьялар бекітілгенін жеткізді. Дөңгелек үстел барысында аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Данияр Оспан, «Алтын ұя» бөбекжайының директоры, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Елемесова және жеке кәсіпкер, медиатор Бәтима Масанова және тағы басқалары күн тәртібіндегі мәселеге байланысты өз ойларын ортаға салды.

Гүлім ҚАБДОЛОВА