15.02.2019, 11:29
Қараулар: 376
Мал қыстағы қалыпты өтуде

Мал қыстағы қалыпты өтуде

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, ауданда мал қыстағы қалыпты өтуде. 2018-2019 жылдардың қыс кезеңінде мал қыстағын өткізу бойынша құрылған аудандық штабтың өткен мерзімде алты рет отырысы өткізіліп, онда ауылдық округтерде қалыптасып отырған жағдай және қабылдануы тиіс шаралар жөнінде мәселелер талқыланған.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 40290 мүйізді ірі қара, 68535 қой-ешкі, 13856 жылқы және 105 түйе 105 орында қыстатылуда. 14 ақпандағы мәлімет бойынша шөптің қалған мөлшері 44380 тоннаны немесе 41,5 пайызды құрауда. Жемнің қоры – 482 тонна. Талов ауылдық округінің шаруа қожалықтары Орал қаласынан 20 тонна арпа әкелсе, ауыл тұрғындары көршілес Ресейден 7 тонна арпа мен қарабидай сатып алған.

-Қазіргі уақытта аудандағы 44 мал қыстағымен жол қатынасы жоқ. Дегенмен аудандағы және Орал қаласынан келген ЖШС-лар мен шаруа қожалықтары техникаларының көмегімен жолды қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. Соның нәтижесінде ауылдық округтер мен барлық елді мекендердің жолдары аршылды,- дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашев.

А.ЕСІРКЕПОВ