16.02.2019, 15:36
Қараулар: 306
Үстел теннисінен аудандық жарыс

Үстел теннисінен аудандық жарыс

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт   бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен 2004 жылы туған және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында үстел теннисінен аудандық жеке біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. Оған аудан орталығындағы Т.Жароков, А.Оразбаева атындағы мектебінің, №1 мектеп-лицейінің, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық  Абдолов жарысқа қатысушы  команда ойыншыларына асқан шеберлік көрсетіп, көрермендерге жақсы әсер сыйлап, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдіріп, сәттілік тіледі.

Салтанатты ашылудан кейін жарыс басталып кетті.

Жарыстың қорытындысы туралы  аудандық «Шұғыла» газетінен оқи аласыздар.

Лаура Халина