18.02.2019, 11:39
Қараулар: 14
28 әкімшілік хаттама толтырылды

28 әкімшілік хаттама толтырылды

Биылғы бірінші тоқсанға арналған жедел-профилактикалық іс-шаралар кестесіне сәйкес жүргізушілер арасында жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 14-16 ақпан аралығында Жәнібек ауданының аумағында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізілді. Осы кезеңде әкімшілік полиция бөліністері мен жергілікті полиция қызметкерлері және жеке құрам қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілді. Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына патрульдеу ұйымдастырылып, нарядтардың тығыздылығы көбейтілді. Іс-шара аясында оған тартылған жеке құрамды бөліп-орналастыру жоспары дайындалып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге ҚР ӘҚБК баптарының түрлі бөліктері бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылды.

А.ЕСІРКЕПОВ