18.02.2019, 17:03
Қараулар: 436
Алдын алу бағытында

Алдын алу бағытында

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Ж. Абдоловтың төрағалығымен жиын өтіп, оған аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудан орталығындағы іргелі мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.

-Ауданда 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу жөнінде 15 қаңтарда төтенше жағдай жарияланып, көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында белгілі бір жұмыстар атқарылуда. Аудан орталығында техникалардың күшімен қар ауылдан тысқары жерге шығарылуда. Қолда бар су айдайтын насостардың жай-күйі тексерілуде. Бұларға қосымша тағы да су айдайтын насостар алынатын болады. Бүгін сіздерге құм толтыратын қапшықтарды үлестіргелі отырмыз, — деген Жақсылық Каримоллаұлы мекемелердегі ұжым мүшелерінің санына қарай оларға 100-ден 250 данаға дейін қапшық берілетінін, оларды құммен толтырып, құрғақ жерге сақтау керектігін жеткізді. Осыған орай мекемелерде су тақынының алдын алуға байланысты жігіттерден топ құрылатын болды. Сонымен қатар ол ауданда техниканың жетіспеуіне байланысты жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының сауда орындары мен үйлерінің айналасындағы және аулаларындағы қарды шығаруға атсалысуларын сұрады.

А.ҚОЖАҒҰЛ