20.02.2019, 10:23
Қараулар: 29
Асылдандыру жұмыстары жалғасуда

Асылдандыру жұмыстары жалғасуда

Жәнібек ауылдық округі бойынша өткен жылы төрт шаруа қожалығының екеуі «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында төрт бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, 600 мың теңгеге субсидияланды. Соның нәтижесінде қожалықтардағы ірі қара малының аналық басы 100 пайыз асыл тұқымды бұқалармен қамтылып, асылдандыру жұмыстары жалғасуда. Мал басын субсидиялау шараларына үш шаруа қожалығы қатынасып, оларға 3 млн 110 мың теңге демеуқаржы төленді. Қой малын тұқымдық түрлендіруде асыл тұқымды қошқарлармен қамтылған «Ержан» ШҚ 500 бас саулыққа 750 мың теңге, тұрғындардың жеке табынына қосуға 16 бас асыл тұқымды бұқа сатып алғаны үшін 1 млн 600 мың теңгеге қол жеткізді. «Сырымбет» және «Ержан» ШҚ «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында жайылымдарды суару және мал шаруашылығын су көзімен қамтамасыз ету мақсатында 3 млн теңгеге және 1 млн 192 мың 320 теңгеге субсидияланды.

А.ҚОЖАҒҰЛ