21.02.2019, 17:11
Қараулар: 27
Күл-қоқыс шығару – назарда

Күл-қоқыс шығару – назарда

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев коммуналдық қызметтер, яғни тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару хақында отырыс өткізді. Оған аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Манарбек Қаташев, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаев, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Нұргүл Мұстаева және «ECOCLUB» ЖШС-нің жетекшісі қатысты. Басқосуда тұрғындардың коммуналдық төлемдерді, соның ішінде қоқыс шығаруға арналған ақшаны уақтылы төлеп отыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды далаға немесе жолдың бойына тастамай арнайы қойылған контейнерлерге салу туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ күл-қоқыс полигонын қоршау мәселесі сөз болды. Аудан басшысы осы аталған мәселелерді тұрғындарға жеткізу үшін олармен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізетінін айтып өтті. Айта кету керек, қалың қардың астынан қоқыстар көрінбегенімен, күн жылып, қар еріген кезде жалған көмілген қалдықтар, малдың қиы мен өлекселері жердің бетіне шығады.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ