21.02.2019, 17:29
Қараулар: 12
Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

Бүгін аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық депутаттар мен дербес бөлім басшылары қатысты. Сессияны №8 сайлау округі бойынша депутат Таңат Сариев ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде аудандық Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов баян етті. Сондай-ақ аудандық Қоғамдық кеңес туралы ережесін бекіту, аудандық мәслихат депутаты Жанболат Ғұмаровтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, спорт және жастар ісі» жөніндегі тұрақты комиссия құрамынан шығару туралы мәселелер қаралды. Аудан басшысы жиында қаралған мәселелер бойынша пікірін айтып, аудандық Қоғамдық кеңестің жаңадан бекітілген құрамын құттықтап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.

2018 жылы аудандық мәслихат депутаттары вебинар арқылы кәсіптік білімдерін арттырып, арнайы сертификатқа ие болды. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев бір топ депутатқа сертификатын табыс етті.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ