22.02.2019, 21:58
Қараулар: 462
«Жайық толқыны» фестивалі оздырылды

«Жайық толқыны» фестивалі оздырылды

               Бүгін Жәнібек ауданының орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен  аудандық «Жайық толқыны-2019»  өлкетану фестивалі оздырылды. Шараға Т.Жароков атындағы,  №1 мектеп-лицей, А.Оразбаева, Ө.Сахипов атындағы және Ұзынкөл орта мектебінің оқушылары қатысты. Сондай-ақ жиынға облыстық білім беру бөлімінің бас маманы Альбина Залмұқанова қатысты. Ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Ерсін Қанатов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестивальдің негізгі мақсаты – оқушыларды патриоттыққа, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу, өлкетану қызметін насихаттау, жеке тұлғаның бойына рухани адамгершілік қасиеттер мен мәдени құндылықтарды сіңіру, жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету болып табылады. Осыдан кейін шараға қатысушылар алты аталым негізіндегі тақырыптар бойынша берілген жұмыстарына кірісіп кетті. Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен «Жас ақын» аталымы бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды тиісінше Зәуреш Сыдиқова (Ұзынкөл), Диана Хайноллаева (Т.Жароков) және  Ұлпан Сағынғалиева (Ө.Сахипов) ие болды. «Жас аспаз» аталымы бойынша жүлделі орындар Эланора Сағынғалиева (Ғ.Абдуллин), Айкөркем Ғаниятова (Ө.Сахипов) және Айнұр Джармұхамбетоваға (№1 мектеп-лицейі) бұйырды. «Жас суретші» аталымы бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды  Аяжан Аяпова (Т.Жароков), Айнагүл Жұматаева (Ө.Сахипов) және Перизат Мұратова (Ұзынкөл) қанжығаларына байлады. «Жас шебер» аталымы бойынша Аружан Хауметова (Ө.Сахипов), Дина Тұңғатарова (№1  мектеп-лицейі) және Арман Сыдиқов (Ұзынкөл) жеңіске жетті. «Жас дизайнер» аталымы бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды сәйкесінше Әсем Қамит (№1  мектеп-лицейі), Әсемгүл Ғаллемова (Т.Жароков) және Айжанар Махат (МТЖО) иеленді. «Жас талант» аталымы бойынша Ө.Сахипов, №1  мектеп-лицейі мен Т.Жароков атындағы орта мектептің оқушылары марапатталды. Ал жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Ө.Сахипов атындағы орта мектебі алса, екінші және үшінші орындарды №1 мектеп-лицейі мен Т.Жароков атындағы орта мектебінің оқушылары өзара бөлісті. Қатысушыларға фестивальдің дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Марапаттау барысында әділқазылар алқасының мүшелері оқушыларға өздерінің тілектері мен ұсыныс-пікірлерін айтып, бағыт-бағдар берді, істеріне сәттілік тіледі.

Аудандық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары 13-15 наурызда Орал қаласында өтетін фестивальдің облыстық кезеңіне қатысатын болады.

Л.ХАЛИНА